«Тұман, көктайғақ». Алматылық төтеншеліктер қала тұрғындарына ескерту жасады
© Сурет: pexels
Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына 2025 жылғы 18 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланғанын ескертіп, мәлімедеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтеншеліктер ертең, 18 желтоқсанда Алматыда тұман мен көктайғақ болады деп күтілетінін еске салады.
"Қала тұрғындары мен қонақтарына жолдарда мұқият болуға және айналаны қалың тұман басып, көріну деңгейі нашар кезеңде ұзақ сапарға шығудан аулақ болуға кеңес беріледі", делінген хабарламада.
ТЖД көктайғақ кезінде мына жайттарды назарда ұстауды ұсынады:
- ақырын жүріңіз, табанды бүтіндей жерге тигізіңіз;
- шалт қозғалыстар мен асығыс әрекеттерден аулақ болыңыз;
- табаны таймайтын аяқ-киім киіңіз;
- қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, тепе-теңдікті ұстаңыз;
- тайғақ жерлерді, әсіресе подъезд алды мен аялдамаларда абай болыңыз;
- егде жастағы адамдардың таяқ пайдаланғаны жөн.
2025 жылғы 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қар жауатыны болжанады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте 16 магнит тасын жұтып қойған үш жасар балаға шұғыл ота жасалды
-
22:49, 17 желтоқсан 2025
«Қарлы боран тұрады». 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:14, 17 желтоқсан 2025
Түркістан облысында көпір қирады
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған көпбалалы ана сотталды
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте көпбалалы ана сотталды





