7 мыңнан астам құс қырылған: СҚО-да ер адам карантинге жабылған ауылдан құс етін алып шықпақ болды

09:20, 18 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Солтүстік Қазақстан облысында қаз етінің ірі партиясын заңсыз сатпақ болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетінші арна ақпарына сүйенсек, Шаховское ауылында пастереллез ауруының өршуіне байланысты үй құсы жаппай қырылған еді. Сондықтан елді мекенде шектеу шаралары енгізілген. Алайда жергілікті тұрғындардың бірі оны елемей, өнімді жасырын түрде алып шыққан. Жоспар жүзеге аспады. Жүк көлігін тоқтатқан полицейлер оның ешқандай рұқсат құжаты болмағанын анықтады. Әзірге өнімде инфекция бар-жоғы белгісіз. Ол арнайы сараптамадан кейін белгілі болады. Бәрі жақсы болса, өнім иесіне қайтарылады. Ал егер қауіпті індет анықталса, сезікті айыппұл арқалайды. Соңғы мәлімет бойынша, Шаховское ауылында қырылған құс саны 7 мыңнан асады.

Бұған дейін Түркістан облысында көпір қирағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!