СҚО-да полицейлер жоғалған 45 жылқыны тауып, иелеріне қайтарды
© Фото: zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында бірнеше күн бойы жоғалған 45 жылқыны полиция қызметкерлері тауып, иелеріне қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Малдың жоғалуына байланысты табыншы аудандық полиция бөліміне жүгінген. Оның айтуынша, жылқыларды өз күшімен іздеу нәтижесіз болып, тек үш мал ғана табылған.
Оқиғаға жедел ден қойған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бес іздестіру тобын құрды. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлерімен қатар орман шаруашылығының мамандары мен жергілікті тұрғындар тартылды. Іздеу барысында жылу бейнелеуіштерімен жабдықталған екі дрон қолданылып, жұмыстар тәуліктің түнгі мезгілінде де үздіксіз жүргізілді.
Іздестіру шаралары бес күнге созылып, шамамен 30 шақырым аумақ қамтылды. Ұшқышсыз ұшу аппараттары өз тиімділігін дәлелдеп, олардың көмегімен жылқы үйірлерінің орналасқан жері анықталды. Белгіленген нүктелерге жедел түрде іздестіру топтары жіберілді.
Орманды алқаптар мен батпақты жерлерден тұратын күрделі жер бедері іздеу жұмыстарын едәуір қиындатқанына қарамастан, тәртіп сақшылары мен еріктілердің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде барлық жоғалған жылқылар табылып, иелеріне аман-есен қайтарылды.
Анықталғандай, табыншы малды қараусыз, еркін жайып жіберуге жол берген. Осыған байланысты ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері мұндай жағдайлар мал ұрлығының негізгі себептерінің бірі екенін еске салады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды
-
19:57, 18 желтоқсан 2025
Қостанай облысында жабық жолда тәртіп бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:31, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:30, 18 желтоқсан 2025
Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды





