Алматылықтар метроға кіреберістегі ұзын-сонар кезекке шағымданды: себебі неде
© Сурет: Threads/aneli.ashirbek
Әлеуметтік желілерде Алматы метросының кіреберісінде адамдардың шоғырланып тұрғаны түсірілген видеолар жиі жариялана бастады. Метрополитен өкілдері мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала тұрғындарының айтуынша, бұрын салыстырмалы түрде адам аз болатын метрода қазір жолаушылар көбейіп, орын тарлық ете бастаған.
- "Алматы. Метро. Сағат 08:40. Қоғамдық көлік дейсіздер ме?"
- "Адам саны көп, бұған әкімнің қатысы жоқ".
- "Білмеймін, мен Сианьдамын. Мұнда 17 млн адам тұрады, бірақ ешкім осылай топырлап тұрмайды".
- "Жазда тыныштау еді. Оқу жылы басталғалы аяқ алып жүргісіз болып кетті", – деп жазды желі қолданушылары.
Кейбір қолданушылар кезектің тексеру қақпаларына байланысты туындайтынын атап өтті.
Метрополитен өкілдері жолаушылар көбейген уақытта олардың өтуін реттеуге мәжбүр екенін растады.
"Қарбалас уақыттың кейбір кезеңдерінде Алматы метрополитені станцияларында жолаушылар ағыны артады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері адамдар шоғырланған жерлерде белгіленген алгоритмге сәйкес жолаушыларды ретімен өткізеді. Бұл шара жолаушылар ағынын біркелкі бөлуге, кассалар мен кіреберістегі турникеттердің алдында адамдардың шоғырлануына жол бермеуге, сондай-ақ жолаушылардың электр пойыздарына қауіпсіз мінуін қамтамасыз етуге бағытталған", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Сондай-ақ метрополитен тиісті қызметтермен бірлесіп, жолаушылар ағынын реттеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатқанын хабарлады.
Қыркүйектен бері метрода жолаушылар саны айтарлықтай өскен. Мәселен, 1 қыркүйекте таңертеңнен сағат 15:00-ге дейін метро қызметін шамамен 40 мың жолаушы пайдаланған.
Сонымен бірге жолаушыларды тексеру өз нәтижесін беріп жатыр. Кеше, 13 қазанда полиция оқ-дәрілер табылғанын хабарлады. Ал қыркүйекте қалтасынан заңсыз зат салынған түйіншек табылған жолаушы ұсталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:13, 14 қазан 2026
Алматыдағы Forum сауда орталығы маңында жаңа жол таңбалары пайда болды: не өзгерді
-
14:05, 14 қазан 2026
Қарағанды мен Жезқазған арасында соңғы 50 жылда алғаш рет жаңа тасжол салынып жатыр
-
13:54, 14 қазан 2026
Қазақстанда күн −11°C-қа дейін суытып, қалың қар мен нөсер жаңбыр жауады: үш күнге арналған болжам
-
13:46, 14 қазан 2026
Қазақстанда отбасылардың мұқтаждығы қалай анықталады: Еңбек министрлігі жаңа тәсілді түсіндірді
-
13:38, 14 қазан 2026
Алматыда РФММ-нің 48 оқушысы ауруханаға түсті: қылмыстық іс қозғалды





