Алматылық жүргізуші көлігінің жүк салғышынан балта мен бейсбол таяғы табылды - видео
© Сурет: видеодан алынды
Жетісу ауданындағы қос экологиялық бекетте полиция қызметкерлері көліктерді тексеру кезінде белгілі бір жағдайда қауіп төндіруі мүмкін заттарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түске жуық "Нұра" бекетінде Subaru көлігі тоқтатылды. Салонды тексеру барысында жиналмалы телескопиялық таяқша табылды. Осыған байланысты оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.
"Ал таңертең "Көкжиек" бекетінде тағы бір көліктің жүксалғышынан полиция қызметкерлері балта мен бейсбол таяғын тапқан. Қазір полицейлер жүргізушілердің бұл заттарды қандай мақсатта алып жүргенін және анықталған заттардың басқа да құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Аталған екі дерек бойынша да өндіріс басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:24, 28 қыркүйек 2026
Қазақстандық қос жеңіл атлет Азия ойындарының үздік ондығына енді
-
19:08, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанда өсек айтқанға салынатын айыппұл көлемі қандай
-
19:01, 28 қыркүйек 2026
Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылды
-
18:46, 28 қыркүйек 2026
Атырауда мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық кәсіпкерлікті қолдау шараларын талқыға салды
-
18:24, 28 қыркүйек 2026
Синоптиктер 29 қыркүйекте үсік жүретін бірқатар өңірлердің атын атады





