Алматыдағы тұрғын үй кешенінің бірінде есірткі сатушылары ұсталды
© Фото: polisia.kz
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде "Дәрмек" жергілікті іс-шарасы кезінде Прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі мен Бостандық аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, күдіктілердің бірінің үйін тінту барысында ақ ұнтақ заты бар 156 байлам, есірткі сататын сайтқа арналған QR коды бар 5 мың жарнамалық жапсырма, электронды таразы және қаскөйлер есірткіні бөлшек саудада сату үшін пайдаланған басқа да құрал-жабдықтар анықталды және тәркіленді.
"Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген ақ түсті ұнтақ заттар "мефедрон" психотроптық заты болып табылады. Бостандық аудандық полиция Басқармасы есірткі заттарын сату дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
"ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады".Алматы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Жамбыл облысында екі есірткі тобының құрықталғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:19, 26 желтоқсан 2024
15 жылқыны ұрлады деген күдікпен шығысқазақстандық қолға түсті
-
14:08, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апатының орнынан тікелей бейнелер таратқан блогер жұртшылықтың наразылығын тудырды
-
13:55, 26 желтоқсан 2024
Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти болып қайта сайланды
-
13:42, 26 желтоқсан 2024
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
-
13:34, 26 желтоқсан 2024
Олжас Бектенов Астанадағы Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды