Алматыдағы дилерлік орталықтардың біріне 88 млн теңге айыппұл салынды
© Сурет: Zakon.kz
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізген тексеріс нәтижелерімен келіспеген "қымбат бағаға қосымша жабдық сатып алуға мәжбүрледі" деп айыпталған алматылық дилерлік компания дауласып, Жоғары сотқа дейін барған, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҚДА баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыдағы құзырлы органның тергеп-тексеру барысында 2020-2021 жылдары "Toyota Tsusho Kazakhstan Auto" ЖШС-і сатылған автокөліктердің 82%-дан астамына қосымша жабдық орнатуды сатып алушыларына мәжбүрлі түрде міндеттегені белгілі болды. Мұндай жабдықтар құны 3 млн теңгеге дейін жеткен, ал кейбір санаттар бойынша үстеме баға 200%-дан асып кеткен.
"Осылайша, жаңа автокөліктерді сату кезінде қосымша жабдықтарды мәжбүрлі түрде ұсыну тәжірибесі қалыптасқан. Тергеу нәтижелерін 2024 жылдың соңында ҚР Жоғарғы соты заңды деп таныды", делінген 2024 жылғы 13 желтоқсандағы агенттік хабарламасында.
Алматы қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен жаңа жеңіл автокөліктерді сату кезінде клиенттерге қосымша жабдықтарды мәжбүрлеп ұсыну фактілері бойынша компанияға монополистік қызметтен түскен табыс (пайда) көлемінің 5%-ы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Ақшалай түрде айыппұл сомасы 88 млн теңгені құрады.
Бірінші инстанция сотының қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 23 желтоқсан 2024
«Тұман, боран, көктайғақ». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:29, 23 желтоқсан 2024
Атырауда дүкенге кетіп, сол күйі оралмаған 11 жасар бала табылмай жатыр
-
20:29, 23 желтоқсан 2024
Атырауда дүкенде кетіп, сол күйі оралмаған 11 жасар бала табылмай жатыр
-
19:47, 23 желтоқсан 2024
«OLX-тегі жарнама». Танысынан кек алмақ болған астаналық қомақты өтемақы төлейтін болды
-
19:33, 23 желтоқсан 2024
Алматыда айдауыл қызметі көлігінен қашып кеткен сотталушы ұсталды