«OLX-тегі жарнама». Танысынан кек алмақ болған астаналық қомақты өтемақы төлейтін болды

19:47, 23 желтоқсан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына жарнама бойынша қоңыраулар астында қалған ер адам шағымданды. Ол мұны танысы әдейі істегенін, сондықтан моральдық зиян өтету талабы барын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта белгілі болғандай, 2024 жылдың тамыз айында ер адам OLX сайтында өзінің атынан массаж қызметтерін көрсетуге арналған, жеке телефон нөмірі мен фотосуреті көрсетілген жарнаманы көрген. Талап қоюшының телефонына OLX веб-сайтының пайдаланушыларынан қоңырау жаппай түсе бастаған. Талап қоюшыны бұл қорлап, қатты ашуландырған.

Сотта жауапкер талап қоюшымен араларында кикілжің болғанын, телефон арқылы аталған жарнаманы сайтқа одан кек алу мақсатында орналастырғанын айтты. Істі қарау барысында судьяның ұсынысы бойынша тараптар татуласуға келіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты.


"Келісім талаптарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 250 000 теңге моральдық шығынды өтеп, соманы 5 айға бөліп, ай сайын 50 000 теңгеден төлеуге міндеттенді. Бастапқыда талап қою 1 млн теңге өндіріп алу туралы берілген. Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылып, мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды".Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!