ДДҰ Ливанда тырысқақтың белең алу қаупі жоғары деп бағалап отыр
© Сурет: pixabay
Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі елде тырысқақтың бір жағдайы тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ndtv.com деректеріне сүйенсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) өкілі Абдинасир Абубакар елдің оңтүстік бөлігінен солтүстікке қоныс аударған босқындардың арқасында тырысқақтың таралу қаупі өте жоғары деп санайды.
"Жақында Ливанның солтүстік бөлігіндегі вакцина алмаған халық арасынан тырысқақ ауруы расталды. Елдің оңтүстігінен қашқан жүздеген мың босқындардың қоныс аударуы аймақтағы ахуалды нашарлатуы мүмкін. Жұқтыру қаупі өте жоғары", — деді Абубакар.
Оның айтуынша, ұйым жағдайды бақылау үшін шаралар қабылдауда.
Сонымен қатар, Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, науқас Ливанның солтүстігіндегі Аммунияда тіркелген, бір қызығы ол соңғы уақытта алыс-жақын сапар жасамаған.
Тырысқақ – адамнан адамға жұғатын жіті ішек жұқпалы ауруы. Тырысқақ басқа жіті ішек жұқпаларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Бұған дейін Израильдің әуе шабуылдарынан үрейленген мыңдаған ливандық соғыс жүріп жатқан Сириядан пана тапқанын жазған едік. Соңғы мәліметтерге сәйкес, былтыр қазан айынан бері Израиль әскерінің әуе соққыларынан 2 мыңнан астам ливандық қаза тапқан. Ал жараланғандар саны 10 мыңнан асты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:15, 17 қазан 2024
Жетісудағы туризм: әжетхана салуға бөлінген 75 млн теңге бюджет қаражаты қолды болды
-
12:06, 17 қазан 2024
Тоқаев ШЫҰ бюджетін атқару туралы хаттаманы мақұлдады
-
11:55, 17 қазан 2024
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 17 қазандағы валюта бағамдары
-
11:46, 17 қазан 2024
Көлік министрлігі өкілеттіктерін кеңейтті
-
11:32, 17 қазан 2024
Әлеуметтік аударымдар мен бірыңғай төлемді қалай төлеуге болады: өзгерістер енгізілді