Алматыда жаңбыр жауады, ал Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болады: үш күнге болжам
© Сурет: pixabay
Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнде қандай ауа райы күтілетінін жариялады. 2, 3 және 4 қыркүйекке арналған болжамға сәйкес, оңтүстік астанада жауын-шашын болады, ал астаналықтар мен шымкенттіктерді жауынсыз күн күтіп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанадағы ауа райы
- 2 қыркүйек: Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел түнде 2–7, күндіз 7–12 м/с. Температура түнде +4…+6°С, күндіз +18…+20°С.
- 3 қыркүйек: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстіктен 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде +6…+8°С, күндіз +19…+21°С.
- 4 қыркүйек: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Түнде +10…+12°С, күндіз +23…+25°С.
Алматыдағы ауа райы
- 2 қыркүйек: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Температура түнде +10…+12°С, күндіз +26…+28°С.
- 3 қыркүйек: Құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, кей жерлерде 15 м/с-қа дейін күшейеді. Температура түнде +11…+13°С, күндіз +21…+23°С.
- 4 қыркүйек: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде +11…+13°С, күндіз +25…+27°С.
Шымкенттегі ауа райы
- 2 қыркүйек: Аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +14…+16°С, күндіз +31…+33°С.
- 3 қыркүйек: Аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +15…+17°С, күндіз +31…+33°С.
- 4 қыркүйек: Аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде +17…+19°С, күндіз +33…+35°С.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2-4 қыркүйек аралығында күн күрт суытатынын хабарлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





