Алматыда ұзындығы 6000 метрге жуық жылу магистралі толықтай жаңартылды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жетісу ауданының Айнабұлақ шағын ауданында "Алматы жылу желілері" ЖШС тапсырысы бойынша екі жыл бұрын басталған жылу желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалпы ұзындығы 5865 метр болатын жылу желілері жаңартылды.
2022 жылы 1730 м, 2023 жылы – 2000 м, ал 2024 жылы – 2135 м желілер қайта құрылды.
Биыл "Айнабұлақ" ТМ-18 жылу магистралі бойынша Мақатаев көшесінде (Жұмабаев көшесінен Павлодарская көшесіне дейінгі аралық) жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2024-2025 жж. күзгі-қысқы кезең басталғанға дейін аяқталды.
Қазіргі уақытта осы учаскені көріктендіру – жол төсемін ұсақ түйіршікті асфальтпен төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, кейін жол таңбалары сызылады.
Айта кетейік, жылу магистралі 1981 жылы пайдалануға берілген, оның пайдалану мерзімі 43 жыл, ал нормативтік пайдалану мерзімі 25 жыл.
Жоба 344 көпқабатты үйдің, 11 мектептің, 3 денсаулық сақтау нысанының және 483 басқа да нысанның тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етеді.
Биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 20 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылып, қаланың 6 ауданында жылуаралық кезеңде жұмыстар жүргізілді. Қайта жаңартудан кейін учаскелер ауа-райына байланысты кезең-кезеңімен көріктендіріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:07, 6 қараша 2024
Алматыда ШОБ субъектілерінің саны өсуде
-
10:54, 6 қараша 2024
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді
-
10:48, 6 қараша 2024
Бектенов мүгедектерге арналған пандустар мен төмен түсіру құрылғыларын сынға алды
-
10:40, 6 қараша 2024
2 млрд теңге несиесі бар азамат банкроттыққа өтініш берген
-
10:27, 6 қараша 2024
Қазақстан тұрғын үй саясатын реформалағысы келеді