Тоқаевтың Парижге мемлекеттік сапары: екі ел делегациясының мүшелері 36 құжатқа қол қойды

19:14, 5 қараша 2024

© Сурет: akorda.kz

Баспасөз брифингі аяқталған соң Қазақстан мен Франция Президенттері стратегиялық серіктестікті одан әрі жандандыруға бағытталған Бірлескен декларация қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұдан кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен келесі құжаттарға қол қойылды:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссиялау туралы келісім;
  2. Аса маңызды материалдар мен ресурстар бойынша Қазақстан мен Францияның стратегиялық ынтымақтастығының жол картасы;
  3. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы мен Société Generale S.A. компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
  4. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен "Alstom Transport SA" компаниясы арасындағы 6 осьті электровоздар бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
  5. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Ұлттық превентивті археологиялық зерттеулер институты (INRAP) арасындағы археология саласындағы ынтымақтастық туралы келісім хаттамасы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижге мемлекеттік сапары аясында екі ел делегациясының мүшелері 36 құжатқа қол қойды.

Оның ішінде жалпы сомасы 2,2 миллиард долларды құрайтын 1 үкіметаралық, 21 ведомствоаралық және 14 коммерциялық құжат бар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!