Тоқаев Франциядағы атом өнеркәсібі көшбасшысы саналатын компанияның президентімен кездесті
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Orano S.A. компаниясының президенті Николя Масты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Orano S.A. компаниясының Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуда әлеуеті зор екеніне назар аударды.
Мемлекет басшысы аталған серіктестік елімізде жоғары технологияны ілгерілетуге, сонымен қатар Францияны қауіпсіз әрі сенімді табиғи уранмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кездесуде ғылыми-техникалық, сондай-ақ сирек кездесетін металл өндіру мен өңдеу саласындағы қазақ-француз стратегиялық серіктестігін нығайту перспективалары талқыланды.
Orano S.A. – халықаралық ірі өнеркәсіп компаниясы, Франциядағы атом өнеркәсібінің көшбасшысы. Былтыр компанияның кірісі 4,8 миллиард еуроны құрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:15, 12 қараша 2025
Көкнәрді өнеркәсіптік өңдеу ережелері бекітілді
-
16:06, 12 қараша 2025
Екі қазақстандық бостандықтан және 133 млн теңгеден айырылды – олар өздерінің кінәсіз екенін мәлімдейді
-
15:59, 12 қараша 2025
Жер шарындағы ең ұзын қала атауы – 111 әріптен тұрады
-
15:47, 12 қараша 2025
12 қарашада доллар бағамы сәл төмендеді
-
15:37, 12 қараша 2025
Елордада ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінді





