Тоқаев пен Макрон Гиме азиялық өнер музейіне барды
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон Гиме азиялық өнер музейіндегі "Қазақстан: Ұлы дала жауһарлары" көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экспозицияда Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін қамтитын артефактілер ұсынылған. Мәселен, бірінші кезеңде неолит дәуіріне жататын "Тобыл ойшылы" мүсіні қойылған, сондай-ақ Ботай мәдениеті мен жылқыны қолға үйрету дәстүрі бейнеленген.
Екінші кезеңде "Алтын адам" әшекейлері арқылы сақтар мен сарматтар секілді алғашқы көшпелі тайпалардың, прото-мемлекеттердің пайда болуы сипатталған.
Ал балбалтастар түркі қағанаттары кезеңіндегі ортағасырлық Қазақстан шежіресінен, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шырағдандары қазақ даласындағы ислам дінінің даму үрдісінен, Қазыбек бидің шапаны Қазақ хандығы мен қазіргі Қазақстанның қалыптасу тарихынан сыр шертеді.
Гиме музейінің негізі 1889 жылы қаланған. Оның қорында Азия өнерінің ең құнды жәдігерлері жинақталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 5 қараша 2024
Тоқаев Родольф Саадты қабылдады
-
22:54, 5 қараша 2024
Ақтөбе облысында екі адам балшыққа батып қалды
-
22:43, 5 қараша 2024
Тоқаев Франциядағы атом өнеркәсібі көшбасшысы саналатын компанияның президентімен кездесті
-
22:25, 5 қараша 2024
Тоқаев EDF компаниясының бас директоры Люк Ремонды қабылдады
-
22:07, 5 қараша 2024
Қазақстанда кейінгі 5 жылдағы ұн өнімдерін тиеу бойынша тарихи рекорд жасалды