Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді
© Фото: pexels
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылғы 6 қарашада ҚР Үкіметінің отырысында соңғы үш жылда Қазақстанда мүгедек балалардың саны артқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр бүгінде елімізде мүмкіндігі шектеулі 732 мың адам тұратынын, бұл халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайтынын атап өтті.
"Оның 57%-ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 27%-ы зейнеткерлік жастағы адамдар, 15% — балалар. 18 жастан асқан жастар арасында аурудың нозологиялық формаларының құрылымында психикалық бұзылулар, қан айналымы жүйесінің аурулары, барлық локализацияның жарақаттары басым. Ал балалар мүгедектігі бойынша жүйке жүйесінің аурулары, туа біткен ақаулар, психикалық бұзылулар басым", — деді Светлана Жақыпова.
Оның айтуынша, жүргізілген талдау соңғы үш жылда балалардың мүгедектігі 11%-ға өскенін көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың көпшілігі 7 жастан 18 жас аралығында.
"Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар базалық және міндетті деңгейде жүзеге асырылады. Жыл сайын республикалық бюджет пен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жиынтық шығыстары шамамен 22%-ға ұлғаяды. Биыл олар 748,5 млрд теңгені құрады", – деді министр.
Бұған дейін Маңғыстау облысындағы онкологиялық науқастарға мүгедектік пен жәрдемақы берілмегені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:00, 26 мамыр 2026
Ақтөбеде жеке сектордағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, әйел адам қаза тапты
-
21:32, 26 мамыр 2026
Арқалықта мектеп өртеніп жатыр
-
21:27, 26 мамыр 2026
Құрбан айтта еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ түсіп, күн салқындайтыны болжанады
-
21:20, 26 мамыр 2026
Қазақстан күрестен жастар арасындағы Азия чемпионатында 22 медаль жеңіп алды
-
20:20, 26 мамыр 2026
Алматы мен облысты байланыстыратын қос автобустың жүріс кестесіне өзгеріс енгізілді





