Таразда қоқыс тастайтын алаңдар жаңартылып жатыр
© Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы
Бүгінде тұрғын үйлер аумағындағы қоқыс тастау орындары үлкен мәселеге айналғаны жасырын емес. Әсіресе, ауа райының құбылмалы күндері контейнерлердегі қоқыстар жан-жаққа шашылып, жұртшылыққа қолайсыздық тудыратын.
Оның үстіне кейбір тұрғындардың құрылыс қалдықтарын бей-берекет лақтыра салуы да аталған мәселені одан сайын күрделендіре түсетін.
Тараз қаласының аумағын аралау барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев осыған баса назар аударып, нақты тапсырма жүктеген болатын. Соған байланысты қала әкімдігі тарапынан арнайы пилоттық жоба қолға алынды.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы
Аталмыш жоба аясында мердігер "Құрылыс-2015" ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, қоқыс алаңдарын бетон бағаналармен қоршау жұмыстары басталды.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы
Айталық, бүгінде Ұлбике ақын көшесі, №115, "Қаратау" шағын ауданы, №44, "Алатау шағын ауданы", №1,2 және Төле би, №48 мекенжайындағы қоқыс алаңдары толығымен жаңартылса, "Аса" шағын ауданы, №15, 15б, 16, 17, 24 тұрғын үйлері маңындағы алаңдар бірер күнде аяқталады. Қазіргі таңда мұнда алаңдардың айналасын асфальттау секілді бірлі-жарым жұмыстар ғана қалған. Осылайша, биыл жалпы саны 20 қоқыс алаңын жаңғырту жоспарлануда.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы
Қазір шаһардағы 3 281 қоқыс алаңында 1 540 контейнер орналасқан. Егер пилоттық жоба жыл аяғына дейін өз тиімділігін көрсетсе, келер жылы тағы 200 қоқыс алаңын жаңалап, бюджет есебінен қосымша 1 000-нан аса контейнер сатып алу көзделіп отыр.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы
Бұл өз кезегінде қала тазалығын сақтап қана қоймай, қоқыс салатын жәшіктерді көбейтіп, оны таситын көліктердің емін-еркін қатынауына да мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:17, 5 қараша 2024
Алматыда жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды
-
19:55, 5 қараша 2024
Тоқаев пен Макрон Гиме азиялық өнер музейіне барды
-
19:42, 5 қараша 2024
Ақкөл - Степногорск автожолында екі көлік соқтығысты: үш адамды есік қысып қалды
-
19:14, 5 қараша 2024
Тоқаевтың Парижге мемлекеттік сапары: екі ел делегациясының мүшелері 36 құжатқа қол қойды
-
19:04, 5 қараша 2024
Тоқаев пен Макрон БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді