Бектенов мүгедектерге арналған пандустар мен төмен түсіру құрылғыларын сынға алды
© Фото: primeminister.kz
2024 жылғы 6 қарашада Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов нысандарды мүгедектер мен қарттардың қажеттіліктеріне бейімдеу жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, нысандардың қолжетімділік деңгейі әлі де 45 пайыздан аспайды.
"Сонымен қатар, қолжетімділікті жақсарту бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатқан қалаларда да нақты нәтиже жоқ. Мәселен, арбаға таңылған Еркебұлан Рүстемов елорданың өзінде мүмкіндігі шектеулі жанның еңсеру мүмкін емес көптеген пандустар мен шығаберістерді әлеуметтік желі арқылы анық көрсетіп отыр. Кейбір пандустар мен ауыспа жолдардан өтер кезде бесік арбамен жүрген ата-аналар да әлекке түсіп жатады", — деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы арнайы лифттер мен көтергіштердің жұмыс істемейтінін, биік бордюрлер адамдардың жолдан өтуіне кедергі болатынын баса айтты.
"Арнайы лифтілер мен көтергіштер жұмыс істемейді. Биік бордюрлер жолды кесіп өтуге кедергі келтіреді. Яғни, қолайлы орта қалыптастыру бойынша жасалып жатқан жұмыстарда көзбояушылық көп. Нысандарды мүгедектігі бар адамдардың, қарттардың ыңғайына қарай бейімдеу жұмысын күшейту қажет. Бұл, әсіресе әлеуметтік объектілерге, дәріханаларға, азық-түлік дүкендері мен сауда орталықтарына қатысты", — деді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, биылғы жылдың басынан бері мемлекеттік органдарға мүмкіндігі шектеулі жандардан 16 мыңнан астам өтініш келіп түскен.
"Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құрылыстың сапасы мен жауапкершілікті арттыру үшін қолданыстағы стандарттарды қайта қарауды тапсырамын. Нормалардың сақталуын бақылау қажет", — деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова соңғы үш жылда Қазақстанда балалық шақтағы мүгедектіктің көбейгенін айтқан болатын. Ал себебін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:21, 9 желтоқсан 2024
Түркістанда айыппұлы бойынша 4 млн теңге қарызы бар жүргізуші полицейлерден қашпақ болған
-
20:10, 9 желтоқсан 2024
Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған жасөспірімді құтқарды
-
19:39, 9 желтоқсан 2024
Қазақстан банктері арасындағы юань саудасы бір айда 133 есе артқан
-
19:33, 9 желтоқсан 2024
Рудныйда әйел адамды қағып, мерт еткен автобус жүргізушісі суицид жасады
-
19:23, 9 желтоқсан 2024
Ақтөбе облысында әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады