Алматыда үш ауданда суық су өшіріледі

13:51, 24 мамыр 2024

© Сурет: pixabay

Алматыда 29 мамыр күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін су құбыры желілерінде технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі,- деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство осыған байланысты 24 мамырда келесі мекен-жайлар бойынша суық су беру уақытша шектелетінін мәлімдеді:

  • Бостандық ауданы, Абай даңғылы – Манас-Тимирязев - Жандосов - Үлкен Алматы өзені- Тимирязев – Жароков – Өтепов – Гагарин даңғылы, "Атакент" көрме кешенінің аумағы;
  • Алмалы ауданы, Абай даңғылы –Әуезов- Жамбыл-Манас көшелеріндегі алаңдарда; Абай-Әуезов - Төле би - Розыбакиев; Абай - Розыбакиев - Құлымбетов - Тұрғыт Озал шаршы көшелерінде;
  • Әуезов ауданы, Абай даңғылы- Щепетков - Үлкен Алматы өзені – Сәтбаев- Өтеген батыр 112а, 114 тұрғын үйлер;

Әлеуметтік нысандарға автоцистерналармен су жеткізу жүзеге асырылатын болады.

"Бекіту жабдықтары мен басқа да технологиялық жабдықтарды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды уақытылы орындау, осы аумақтардағы тұтынушыларды сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз",- деп түйіндеді "Алматы Су".

"Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметі: 274-66-66.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!