Алматыда полиция жүк тасымалына бақылауды күшейтті
© Сурет: polisia.kz
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы мен "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Алматы қаласында жүк тасымалдау талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар тұрақты әрі жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бақылау барысында абаттандыру қағидаларын бұза отырып жүк тасымалдайтын жүк көліктеріне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, тентсіз қозғалу, жүктің тиісті түрде бекітілмеуі, сондай-ақ жолдың жүру бөлігіне топырақ, құрылыс қалдықтары мен сусымалы материалдардың төгілуіне жол беру фактілері анықталып жатыр.
Мұндай құқық бұзушылықтар қаладағы санитарлық жағдайға кері әсер етіп қана қоймай, жол қозғалысы қауіпсіздігіне де елеулі қатер төндіреді.
Мұндай құқық бұзушылықтар қаладағы санитарлық жағдайға кері әсер етіп қана қоймай, жол қозғалысы қауіпсіздігіне де елеулі қатер төндіреді.
Жыл басынан бері қала аумағында абаттандыру қағидаларын бұзудың 819 дерегі анықталып, жолы кесілді.
Рейдтік іс-шаралар мегаполистің барлық ауданында тұрақты негізде өткізіліп келеді және алдағы уақытта да жалғасады.
"Біз жүк көліктерінің тентсіз немесе жүк тасымалдау талаптарын бұза отырып қозғалу фактілерін жиі тіркейміз. Мұндай әрекеттер жол жабынының ластануына әкеледі. Бұған жол беруге болмайды. "Таза Қазақстан" акциясы мен "Заң және тәртіп" қағидаты аясында рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Біздің мақсатымыз – құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, жол қозғалысына қатысушылардың бойында қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және белгіленген талаптарды сақтау қажеттігін түсіндіру", – деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:02, 9 маусым 2026
Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті
-
22:07, 9 маусым 2026
Түркістан облысында бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті
-
21:12, 9 маусым 2026
10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:49, 9 маусым 2026
Қостанай облысындағы трассада болған жол апатынан екі адам қаза тапты
-
20:08, 9 маусым 2026
Алматыда бес жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті





