Алматыда полиция ұрлықпен айналысып жүрген күдіктінің жолын кесті

16:12, 18 наурыз 2024

© Сурет: Zakon.kz

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті азық-түлік дүкендеріндегі ұрлықтың ондаған дерегіне қатысы бар.

"Жедел іс-шаралардың нәтижесінде ер адам ұсталды, ол дүкендер мен супермаркеттерде еркін кіру арқылы ұрлық жасады деген күдікке ілінген: "келушіні" ешкім бақылап тұрмаған кезде ол тауарларды ұрлаған. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде ұсталған азаматтың 56 ұрлық дерегіне қатысы бары анықталды. Қылмыстық эпизодтардың саны бұдан да көп болуы мүмкін, осыған байланысты күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!