Алматыда полиция метродағы қауіпсіздік туралы айтты
© Фото: Zakon.kz
Алматы ПД қалалық метрода полицейлердің қалай жұмыс істейтіні жайлы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әр бекетте полиция пункттері орналасқан, онда қызметкерлер тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Полиция пункттерінде кезекші наряд, сеніп тапсырылған аумақты аралап, аумақтарды бейнебақылауды жүзеге асырады.
Барлық тәртіп сақшылары сияқты "жерасты" полицейлері де заң бұзушылықтарды анықтаса, дер кезінде шара қолданады.
"Сондай-ақ күнделікті жасақ құрамына қызметтік-іздестіру иттері бар полиция кинологтары кіреді, олар жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін электр пойыздарын, метро станцияларының қызметтік ғимараттарын және қоймаларды тексереді", – деді метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.
Спикердің айтуынша, биылғы жылы Алматы метросында 70-тен астам пышақ, кастет және басқа да қарулар тәркіленген. Сондай-ақ есірткіні сақтаудың 13 дерегінің жолы кесілді.
Алматы метросы 11 станциядан тұрады, ұзындығы 16 шаршы метр: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "М.О. Әуезов атындағы драма театры", "Алатау", "Сайран", "Мәскеу", "Сарыарқа" және "Б.Момышұлы".
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:00, 28 қараша 2024
Ұлыбританияда толассыз жаңбырдың соңы алапат тасқынға ұласты
-
12:49, 28 қараша 2024
Петропавлда әйелін ұрған тұрғын 25 тәулікке қамауға алынды
-
12:37, 28 қараша 2024
Қызылордалық әйел мұнай өнімдерін сатудан 574 миллион теңгені жылыстағаны үшін сотталды
-
12:20, 28 қараша 2024
Израильдіктер Газа секторында атысты тоқтатуды талап етті
-
12:09, 28 қараша 2024
Сүт бағасына қатысты жағдайға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді