Петропавлда әйелін ұрған тұрғын 25 тәулікке қамауға алынды

12:49, 28 қараша 2024

© Фото: pxhere

Петропавл тұрғыны әйелін ұрғаны үшін берілген 25 тәуліктік әкімшілік қамауға алынған еді. Жақында ер адам еркіндікке шықты.

37 жастағы Петропавл тұрғыны әйелін ұрғаны үшін тағайындалған 25 тәуліктік әкімшілік қамақтан шықты. Бірде таңертең үйінің ауласында мас күйде жүрген ер адам арада туындаған келіспеушіліктерге байланысты әйелінің басынан, қолынан және аяғынан ұра бастаған.

Бұл әрекетін шуды естіген көрші әйел жүгіріп шыққанда тоқтатқан. Жәбірленуші әйелі бірден полицияға жүгінді. Сараптама оның денсаулығына зиян келтірілмегенін көрсеткенімен, ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Осы жылдың маусым айынан бастап ұрып-соғу әкімшілік заңнамадан қылмыстық заңнамаға ауыстырылды. Бұл құқық бұзушылық үшін 80 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан бастап 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы көзделген.

Ұстамсыз ер адамның маскүнемдікке бейім екендігі анықталды, соның салдарынан отбасында жанжалдар мен кикілжіңдер жиі орын алып отырған, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазан айында сот шешімімен оған 25 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды және мінез-құлқына, тәртібіне ерекше талаптар қойылды.

Нақтырақ айтқанда, оның алкогольдік ішімдіктер ішуіне тыйым салынды. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов атап өткендей, ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру сияқты құқық бұзушылықтар құрамын қылмыстық заңнамаға ауыстырған сәттен бастап СҚО-да осы тармақтар бойынша 395 қылмыстық іс қозғалды, оның 49-ы сотқа жіберілді.

Азаматтардың заңды бұзғаны үшін, оның ішінде отбасылық тұрмыс саласындағы қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығы — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан "Заң және тәртіп" қағидатын іске асырудың негізгі шарттарының бірі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!