Бельгияда мұғалімдер ереуілге шықты
© Сурет: pixabay
Бельгияда мұғалімдер ереуілге шықты. Ұстаздар қауымы жұмысқа шықпағандықтан бірқатар мектеп пен жоғарғы оқу орындарында сабақ болмады.
Брюссель мен елдің Валлония аймағының ұстаздары оқу ордаларының алдына, министрлік жанына жиналып, наразылық акциясын өткізді. Олар білім министрлігінің жаңа реформасына және бюджетті қысқартуға қарсы, деп жазады qazaqstan.tv.
Ереуілшілер биліктен мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайтып, олардың біліктілігін бағалаудағы бассыздықтарға жол бермеуді талап етті.
"Менің мектепте істегеніме 30 жылдан асты. Соңғы жылдары сабақтан тыс қағазбастылық, жүктеме көп. Салдарынан білім сапасы төмендеп кетті." Элен Дюпон, математика пәнінің мұғалімі
Онсызда мұғалім жетіспейді, штатты көбейту керек. Ал үкімет керісінше, бюджетті тағы да қысқартпақ. Бізбен келіссөз жүргізбесе, жағдай қиындайды, деп жазады кәсіподақ ұйымының жетекшісі Мадлен Пиере.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:36, 27 қараша 2024
Өзбекстан қалдық қоқыстан пайдалы шикізат өндіріп келеді
-
12:11, 27 қараша 2024
Израиль мен Ливан арасында атысты тоқтату туралы келісім күшіне енді
-
10:43, 27 қараша 2024
Өзбекстанда ер адам әйелін, жаңа туған қызын өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған
-
10:32, 27 қараша 2024
Жапония жағалауында жойқын жер сілкінісі болды
-
10:21, 26 қараша 2024
Грузияда әйелдер чемодандарын сүйреп шеруге шықты