Қазақстандық Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында күміс жүлдегер атанды

19:46, 6 қазан 2024

© Сурет: olympic.kz

Астанада өтіп жатқан Денис Тен мемориалында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасының өкілі Софья Самоделкина күміс жүлдегер атанды, депа хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы алғанда спортшы қыз 189,67 ұпай иеленді. Бұл нәтиже оның екінші орын алуына мүмкіндік берді.

Бірінші орынды 195, 91 ұпаймен грузиялық Анастасия Губанова алса, үшінші орын италиялық Лара Гутманға бұйырды. Ол 188,86 ұпай алды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!