Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды
© Фото: Zakon.kz
Алматыда жол ережесін өрескел бұзып, полицияның заңды бұйрығын орындамаған 20 жастағы мопед жүргізушісі жауапқа тартылды. Оқиға Төле би даңғылында болды.
Жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы қарама-қарсы жолақпен қозғалып келе жатқан мопедті байқады. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны тоқтатуға әрекеттенген, бірақ ол тоқтату талабын елемей, қашып кетпек болған.
Патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі жаяу қууды жалғастыра бергенде, мопед жүргізушісі оны әдейі қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, ұсталды.
Оған қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бабы бойынша іс қозғалды, оның ішінде полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін де жауапкершілік қарастырылған. Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
"Бұл – шектен шыққан әрекет. Мұндай жағдайда жазаның бұлтартпастығы қағидасы іске асады. Кейбір жол қозғалысына қатысушылардың салғырттығы, жауапсыздығы немесе агрессиясы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірмеуі тиіс. Әр азамат заң талаптарын сақтауға міндетті. Біз мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермейміз", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:14, 16 желтоқсан 2025
Алматылық «Қайрат» әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының қатарына енді
-
19:08, 16 желтоқсан 2025
Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды
-
18:52, 16 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды





