Алматыда мопед ұрлаған үш күдікті ұсталды

13:38, 19 желтоқсан 2024

© Фото: pexels

Алматы қаласының Медеу аудандық полиция қызметкерлері үш күдіктіні Алматы облысының аумағында қолға түсірді.

Олар жақында өзгенің мопедін ұрлап кеткен. Полицияның мәліметінше, қылмыс түнгі сағат үште Құлжа тас жолының бойында орналасқан тұрғын үй кешендерінің аумағында болды.

Үйдің ауласында тұрған мопедті байқап қалған күдіктілер оны ұрлауды шешкен. Кейіннен қаскөйлер ұрлаған мопедті сатуды жоспарлап, түскен қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсамақ болған.

Олар ұсталып, қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы мен Қылмыстық кодексінің 19-бабы 1-тармағына сәйкес, кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!