Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

15:55, 13 маусым 2026

© Фото: zakon.kz

Масанчи көшесінің Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігін көркейту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 13 маусымда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады:

"14 маусымнан бастап Масанчи көшесінің Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі аралығында оңтүстік бағыттағы қозғалыс уақытша жабылады. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады".

Тұрғындар мен жүргізушілерден жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұралады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!