Еліміздің төрт өңірінде 14 маусымда аптап ыстық болатыны болжанады
© Сурет: pexels
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша алдағы жексенбі, 2026 жылғы 14 маусымға арналған ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған деректері бойынша, күндіз мына өңірлерде аптап ыстық болады (+35...+38°С): Шығыс Қазақстан облысында,
- Алматы облысында,
- Жамбыл облысында,
- Жетісу облысында,
- Абай облысында.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, атап айтқанда, найзағай ойнап, бұршақ түседі, еліміздің батысында нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша жел екпін алады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады", делінген болжамда.
Сондай-ақ аптап ыстыққа байланысты бірқатар елдімекендерде жоғары және төтенше өрт қаупі күшеюі мүмкін екені де нақтыланады:
- жоғары өрт қаупі - Қарағанды, Жамбыл, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының батысында және Жетісу облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола өңірінің оңтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, Алматы өңірінің батысында, солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында, орталығында;
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Абай облыстарында, Батыс Қазақстан облысының қиыр батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қостанай өңірінің оңтүстік-батысында, Ақмола, Павлодар облыстарының шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, солтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының батысында, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге (14-16 маусым) арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 13 маусым 2026
Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды
-
17:02, 13 маусым 2026
Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін
-
17:02, 13 маусым 2026
Үкімет тағы бір жаңа айыппұл түрін айналымға енгізгелі жатқандарын мәлімдеді
-
16:42, 13 маусым 2026
Астанада LRT-ның мектептік және жеңілдік санатындағы көлік карталарын қайдан алуға болады
-
16:28, 13 маусым 2026
Астана, Алматы, Шымкент: 14-16 маусымға арналған ауа райы болжамы





