Садақшы Дәулеткелді Жаңбырбай Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде 13-орын алды

22:04, 12 маусым 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық садақшылар Антальяда (Түркия) өтіп жатқан садақ атудан Әлем кубогының кезеңіндегі жекелей жарыстарды аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Классикалық садақ атудан Дәулеткелді Жанбырбай 13-орынға ие болды. Медина Мұрат қорытынды хаттамада 43-орынға тұрақтаса, Ильфат Абдуллин 57-орын, Александра Землянова 70-орын, Самира Жұмағұлова 73-орын, Дастан Кәрімов 74-орын, Иван Берча 75-орын және Диана Тұрсынбек 81-орын алды.

Блокты садақ атудан ең жоғары нәтижені Диана Юнусова көрсетті. Ол жарысты 17-орынмен аяқтады. Мұса Ділмұхамет 23-орынға, Виктория Лян 27-орынға, Адель Жексенбинова 41-орынға, Роксана Юнусова 48-орынға ие болды. Ақбаралы Қарабаев 55-орын, Андрей Тютюн 56-орын және Бунед Мирзаметов 57-орыннан көрінді.

Айта кетейік, бұған дейін Виктория Лян мен Ақбаралы Қарабаев аралас командалар арасындағы блокты садақ атудан жарыста алтыншы орын алған болатын.

Сондай-ақ блокты садақ атудан әйелдер командалық сайысында Виктория Лян, Диана Юнусова және Адель Жексенбинова жетінші орынды иеленсе, ерлер құрамасындағы Ақбаралы Қарабаев, Мұса Ділмұхамет және Андрей Тютюн оныншы нәтиже көрсетті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!