Рыбакина Metaratings Top Awards нұсқасы бойынша «Жыл спортшысы» атанды
© Сурет: ktf.kz
11 маусым күні Алматыда спорт пен бизнес саласындағы алғашқы ұлттық премия Metaratings Top Awards сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Оның қорытындысы бойынша түрлі аталымдар санатында жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спорт және спорттық бизнес саласындағы Metaratings Top Awards сыйлығы биыл үшінші рет ұйымдастырылды. Жеңімпаздарды 2026 жылғы наурыздың оны мен жиырмасы аралығында халықтық дауыс беру нәтижелерін ескере отырып, әр номинациядағы үздік үш үміткердің ішінен біреуін жеңімпаз ретінде қазылар алқасы таңдады.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинап, "Жыл спортшысы" марапатына ие болды. Осылайша, Елена екінші рет спорт жанкүйерлерінің таңдауына ілікті. Белді басылымның 2024 жылы өткізген байқауы аясында да еліміздің бірінші ракеткасы "Жыл спортшысы" деп танылған еді.
Еске салайық, 2025 жылы Рыбакина мансабында алғаш рет WTA Finals турнирінде жеңіске жетті. Ал 2026 жылдың басында ол өзінің екінші "Үлкен дулыға" титулына қол жеткізіп, Australian Open турнирінің чемпионы атанды.
Биылғы маусымда Рыбакина әлем рейтиңінің бірінші сатысы үшін күрес жүргізуде. Қазіргі уақытта ол WTA рейтиңінде екінші орында тұр. Жақында Елена Лондондағы WTA 500 турнирін сәтті бастады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:58, 12 маусым 2026
Қытайдағы бокстан Әлем кубогы кезеңі: ел намысын кімдер қорғайды
-
19:44, 12 маусым 2026
Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды
-
19:38, 12 маусым 2026
Алматы ТЖД туристерді тауға шығар алдында маршруттарын тіркеуді ескертті
-
19:15, 12 маусым 2026
Семейде Қайрат Нұртастың концертіне билет сатамын деген студент қыз ұсталды
-
19:01, 12 маусым 2026
Алматыда 13-19 маусым аралығында +35 градусқа дейін аптап ыстық болады





