Семейде Қайрат Нұртастың концертіне билет сатамын деген студент қыз ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Семей қаласының полициясына медициналық колледж студенті алаяқтық фактісі бойынша арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адам әлеуметтік желі арқылы оған белгілі әнші Қайрат Нұртастың концертіне билет сататынын айтып, сеніміне кіріп, 10 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.
Студент көрсетілген соманы банк қосымшасы арқылы аударған. Алайда билетке қол жеткізе алмаған соң полицияға жүгінген.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол – Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды өтеді", – делінген хабарламада.
Оқиға орны бойынша хаттама рәсімделіп, дәлел ретінде хат алмасулардың скриншоттары мен ақша аударымын растайтын түбіртек тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің алаяқтыққа қатысты бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Полиция азаматтарға әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы билет сатып алу кезінде сақ болуға кеңес береді. Билеттерді тек ресми сервистер мен сенімді платформалар арқылы сатып алып, мәміленің шынайылығына көз жеткізбей тұрып, бейтаныс адамдарға ақша аудармау қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:15, 12 маусым 2026
Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
-
19:58, 12 маусым 2026
Қытайдағы бокстан Әлем кубогы кезеңі: ел намысын кімдер қорғайды
-
19:44, 12 маусым 2026
Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды
-
19:38, 12 маусым 2026
Алматы ТЖД туристерді тауға шығар алдында маршруттарын тіркеуді ескертті
-
19:01, 12 маусым 2026
Алматыда 13-19 маусым аралығында +35 градусқа дейін аптап ыстық болады





