Нөсер, бұршақ және 38 градус ыстық: Қазақстанда сенбі күні ауа райы қандай болады

18:00, 12 маусым 2026

© Фото: pixabay

Синоптиктер 2026 жылғы 13 маусым, сенбі күні Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше:

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады – найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады, елдің солтүстігінде жауын-шашын мол түседі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстік-батыста және солтүстікте түнгі және таңғы уақытта – тұман, батыста, солтүстікте және шығыста – екпінді жел болады".

Ертең күндіз мына өңірлерде +35+38°С аптап ыстық болады:

  • Шығыс Қазақстан облысында,Алматы облысында, Абай облысында.

Болжамға сәйкес, бірқатар өңірде өрт қаупі күшейеді:

  • жоғары өрт қаупі – Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Абай, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау облысының батысында және Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстік-батысында, Алматы облысының батысы, солтүстігі және шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Түркістан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және орталығында, Жамбыл облысының батысында, Алматы облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысында, Батыс Қазақстан облысының қиыр батысында, Павлодар облысының батысы, оңтүстігі және шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Ақмола облысының шығысында, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Абай облысының батысы, солтүстік-батысы, оңтүстігі, шығысы және орталығында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!