Түркістанда кәмелетке толмаған ұлын көлікпен дүкенге жұмсаған ер адам жазаланды
© Сурет: polisia.kz
Түркістан облысының аумағында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің автокөлік басқарғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жүргізілген тексеру нәтижесінде Toyota автокөлігінің тізгінінде кәмелетке толмаған жасөспірім болғаны белгілі болды. Анықталғандай, оның әкесі ұлының жүргізуші куәлігі жоқ екенін біле тұра, автокөлікті басқаруға рұқсат беріп, дүкенге жіберген.
Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімге және оның заңды өкілдеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тұрақты негізде жүргізілетінін еске салады.
Тәртіп сақшылары азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға көлік басқаруға жол бермеуге шақырады. Себебі мұндай құқық бұзушылықтар жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндіріп, ауыр әрі орны толмас салдарға әкелуі мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:44, 12 маусым 2026
Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды
-
19:38, 12 маусым 2026
Алматы ТЖД туристерді тауға шығар алдында маршруттарын тіркеуді ескертті
-
19:15, 12 маусым 2026
Семейде Қайрат Нұртастың концертіне билет сатамын деген студент қыз ұсталды
-
19:01, 12 маусым 2026
Алматыда 13-19 маусым аралығында +35 градусқа дейін аптап ыстық болады
-
18:23, 12 маусым 2026
Рыбакина Metaratings Top Awards нұсқасы бойынша «Жыл спортшысы» атанды





