Алматыда көкжөтелмен ауырған балалар көрсеткіші 20 пайызға артқан

14:54, 29 маусым 2024

© Сурет: pixabay

Алматыда балалар арасындағы көкжөтел ауруына шалдығу көрсеткіші 20 пайызға артқан. Бұл туралы Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қасымхан Алпысбайұлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ағымдағы жылдың бес айында екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің расталған 62 жағдайы тіркелді. Оның 35-і көкжөтелге қарсы екпеден бас тартқандар, 14-і медициналық қарсы көрсетілімдері барлар, 10-ы (16,1%) вакцинация жасына жетпегендер, үшеуі екпенің толық курсымен қамтылмаған", - дейді Қасымхан Алпысбайұлы.

25 маусымда ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қауіпті инфекцияға байланысты екінші өлім жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Көкжөтелден жыл басынан бері тағы бір бала қайтыс болды. Қайғылы оқиға Ұлытау облысында болған.

Айта кетсек, 10 маусымда обыр дертінің күрт өсуіне қатысты Қазақстанның бас онкологы түсініктеме берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!