Алматыда қоғамдық мүлікті бүлдіргендерге 86 мың теңге көлемінде айыппұл салынады
© Сурет: pexels
Жақында интернетте Алматыдағы Республика алаңында сынған орындықтардың видеосы тарады. Қала тұрғындары вандалдардың әрекетін қызу талқылап қана қоймай, жуырда жаңартылған қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстарының сапасына да күмән келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 12 қазанда қала тұрғыны осы жағдайға назар аударып, Threads парақшасында видео жариялады.
Смотреть в Threads
Алматыда қоғамдық мүлікті бүлдіргендерге 86 мың теңгеден бастап айыппұл салынады
Бұған қалалық Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы жауап берді. Ведомство өкілдері мердігер ұйым анықталған вандализм фактілерін тіркеп, тиісті ақау актілерін жасап жатқанын атап өтті.
"Зақымдалған нысандар мердігер ұйымның кепілдік міндеттемелері аясында қалпына келтіріледі", – деп хабарлады Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы.
Арада бірнеше күн өткен соң, 14 қазанда қала әкімдігі маңызды мәлімдеме жасады.
"Жақында ғана жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары абаттандырылып, орындықтар, жарықтандыру жүйелері мен субұрқақтар орнатылды, жасыл желектер отырғызылды. Алайда кейбір орындықтар вандализм салдарынан бүлініп үлгерді. Осы жұмыстарға қаншама еңбек пен қаражат жұмсалғанын елестетіп көріңіздер. Ал біреулер сол еңбектің нәтижесін бүлдіру үшін бірнеше минутын ғана жұмсаған", – делінген әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайы анықталып, зақымдалған орындық ауыстырылып жатқан кезде әкімдік тұрғындарға мынадай ескерту жасады:
"Қалалық мүлік пен абаттандыру нысандарын бүлдіргені үшін 20 АЕК-тен (86 500 теңге) басталатын айыппұл қарастырылған. Жағдайға байланысты қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін".
Мәлімдеменің соңында Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын ортақ мүлікке ұқыпты қарауға тағы да шақырды.
Өкінішке қарай, қалада орындықтар ғана бүлінбейді. Мәселен, 8 қазанда Алматы тұрғыны сыңған аялдамаға шағымданып әкімдіктің жауабына таңғалған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:53, 14 қазан 2026
14 қазандағы саудада доллар бағамы өсті
-
15:48, 14 қазан 2026
Қазақстанда қанша адам бай әрі ауқатты санатқа жатады
-
15:34, 14 қазан 2026
Қазақстанда әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор пайда болады
-
15:25, 14 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы өсуі мүмкін: Жұманғарин ықтимал мерзімін атады
-
15:20, 14 қазан 2026
Қазақстанда нефрологиялық көмек көрсетудің жаңа стандарты қабылданды





