Алматыда есірткі тасымалдаған шетелдік ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен бірнеше тұлғаны ұстады.
Жеке тінту барысында ұсталғандардың бірінен – шетел азаматынан ұнтақ тәрізді зат салынған бірнеше орам табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар тыйым салынған есірткі құралдары санатына жатады.
Сонымен қатар күдіктінің "жасырын қойма" тәсілі арқылы жүзеге асырылатын ықтимал курьерлік қызметке қатыстылығы тексерілуде. Медициналық куәландыру нәтижесінде күдіктінің психоактивті заттарды тұтынғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртібімен тіркеліп, істің барлық мән-жайы анықталуда.
"Біз есірткі таратудың жолдарын жүйелі түрде анықтап, курьерлік желілерге тартылған тұлғаларды әшкерелеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеміз. Мұндай жедел іс-шаралар үздіксіз өткізіледі және әрбір анықталған дерекке құқықтық баға беріледі. Алматы полициясы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді", – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Қазіргі уақытта тексеру және жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:15, 9 қаңтар 2026
ҰҚК Қазақстан бойынша 20 қылмыстық топтың жолын кесті: ондаған адам ұсталды, қару-жарақ тәркіленді
-
10:04, 9 қаңтар 2026
130 миллион теңгемен қашып кеткен: Түркия Қазақстан азаматын экстрадициялады
-
09:53, 9 қаңтар 2026
Павлодарлық орманшылар ашыққан аң-құсты өздері тамақтандыруда
-
09:41, 9 қаңтар 2026
Тобыл қаласының тұрғыны өрт кезінде зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді
-
09:27, 9 қаңтар 2026
Мәдениет министрлігі Әуезов театрының реконструкциясы туралы ақпаратқа түсініктеме берді





