Алматыда ер адам ажырасқан әйелінің телефонын шағып, өзін соққыға жықты

20:20, 12 сәуір 2024

© Сурет: Facebook/Жанна Ахметова

Әлеуметтік желіде Алматыда аяусыз соққыға жығылған әйелдің видеосы пайда болды. 2024 жылдың 12 сәуірінде "Дети под защитой" ЖҚ басшысы Жанна Ахметова аталған оқиғаға қатысты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қор басшысының айтуынша, әйелдің есімі Салтанат және ол көптің көмегін қажет етеді.

"Ол 11 жылдан кейін ұртоқпақ күйеуінен ажырасу туралы шешім қабылдады. Әрең дегенде оның қолынан сытылып шығып, балаларын Тараздан Алматыға көшіріп алады. Енді ол оның ізінен қалмай, қайта қосылуға мәжбүрлеп әлек. Осы жылдың 1 сәуірінде Life Town тұрғын үй кешенінде ол оған шабуыл жасады, қолындағы телефонын сындырып, шіреніп тұрып жуан жұдырығымен бетінен аямай ұрды... Алмалы аудандық полиция бөлімінде арыз сәуір айының басынан бастап жатыр, бірақ сараптама әлі дайын емес... Ер адам Таразға кетіп қалған. Олар жергілікті жердегі танымал заңгер дей ме, адвокат дей ме, сондай біреу. Мүмкін "ас үйдегі боксшыны" біреулеріңіз таныған боларсыздар, мұқият қараңыздаршы. Неге ол әлі ұсталған жоқ? Тағы бір әйелді өлтіргенін күтуіміз керек пе", деп жазды Жанна Ахметова Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ ол видеолармен де бөлісті.


Zakon.kz редакциясы Алматы қалалық полиция департаментіне сұрау салды.

"Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді. Жиналған материалдар жауапқа тарту үшін сотқа жолданды". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!