Алматыда егеуқұйрықтарды жою шаралары жүргізілуде

10:47, 10 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

25 қазанға дейін Алматы қаласында кеміргіштермен күрес бойынша ауқымды дератизация жүргізілуде. Бұл санитарлық шара жылына екі рет өткізіледі: көктемде және күзде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің ақпараты бойынша, мамандандырылған ұйымы ашық аумақтарды, өзендер мен су айдындарының жағалауын, сондай-ақ 50 мың гектарға жуық алаңдағы жеке үйлердің аумағын өңдейді.

Алматыда егеуқұйрықтарды жою шаралары жүргізілуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 10:47

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дератизацияның мақсаты – кеміргіштер санын азайту және жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау.

Бұған дейін Алматы облысында Сібір жарасын жұқтырғандардың саны артқаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!