Алатауда аэротакси қашан іске қосылуы мүмкін
© Сурет: gov.kz
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев 2026 жылғы 21 мамырда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында жаңа Алатау қаласында аэротаксиді іске қосу мерзімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта бұл технологиялар сынақтан өтіп жатыр.
"Көлік министрлігі мұндай аэротаксилердің ұшуына тестілеу мақсатында уақытша рұқсат берді. Бағыттарды пысықтау, желдің жылдамдығын ескеру қажет. Биыл біз адамсыз ұшырамыз. Себебі маршруттар өте көп. Олар тау кластерімен, Алматы әуежайымен, Алматы вокзалдарымен, Қонаев қаласымен, Қапшағай су қоймасымен және басқа да нысандармен байланысты болады. Мұның бәрін ұшып өтіп, қай биіктікте ұшатынын тексеру керек. Сонымен қатар климаттық жағдайларды ескеріп, төрт маусымның барлығынан өткізу қажет. Өйткені бұл – қауіпсіздік мәселесі. Аэромагниттік өрістер бар, жоғары вольтты желілер бар. Сондықтан биыл халықты тасымалдайды деп күтудің қажеті жоқ. Биыл біз тек дайындық жұмыстарын жүргіземіз", – деді ол.
Вице-премьердің сөзінше, барлық жүйе кезең-кезеңімен тексеріледі.
"Біз бәрін толық пысықтауымыз керек. Кезең-кезеңімен жұмыс істейміз. Бір жыл ішінде барлық бағытты зерттеп, келесі жылы іске қосуға тырысамыз", – деп түйіндеді Қанат Бозымбаев.
Бұған дейін жазғанымыздай, Бектенов Қазақстанда аэротакси мен дрондарды іске қосу туралы бірқатар тапсырма берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:55, 21 мамыр 2026
Түркістан облысындағы өртке қатысты комиссия қылмыстық ізді жоққа шығарды
-
16:47, 21 мамыр 2026
БҚО-да нөмірін әдейі жасырған жүк көліктерінің жүргізушілері жауапқа тартылды
-
16:40, 21 мамыр 2026
Қазақстанда аэротаксимен ұшу қанша тұруы мүмкін
-
16:24, 21 мамыр 2026
50 жасқа дейінгі ер азаматтарды мобилизациялау: Қорғаныс министрлігі ұсынысқа пікір білдірді
-
16:09, 21 мамыр 2026
Қорғаныс министрлігі Қайрат Сатыбалдыға қатысты ақпаратты жоққа шығарды





