Алматыда бір көшеде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі

17:27, 5 шілде 2024

© Фото: zakon.kz

Жансүгіров көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 шілде сағат 22:00-ден 7 шілде сағат 10:00-ге дейін Жансүгіров көшесінің Ақпаев көшесімен қиылысында көлік қозғалысы жабылады.

Уақытша шектеулер осы көше бөлігіндегі жол астынан тартылған су құбырын жоспарлы қайта құруға байланысты.


"Жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап, аталған өзгерістерді ескерулеріңізді өтінеміз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз".Алматы әкімдігі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!