Алматыда баланың итке талануына қатысты тараған бөлек ақпарат жоққа шығарылды
© Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі "қабаған иттің шабуылына тойтарыс берген тұрғын жауапқа тартылады" деп желіде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Аталған азаматқа қатысты ешқандай процессуалдық шешімдер қабылданбағаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Қылмыстық кодексінің 32-бабына сәйкес ("Қажетті қорғаныс") оның әрекеті өзін-өзі қорғау мақсатындағы заңды әрекетке жатады. Заңға сәйкес өмірге, денсаулыққа немесе мүлікке нақты қауіп төндіретін шабуылды тойтару кезінде қажетті қорғаныс жағдайында зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.
"Сондықтан, кәмелетке толмаған баланы қабаған иттердің шабуылынан құтқарған азаматтың әрекеті қолданыстағы заңнама нормаларын бұзбайды және құқықтық зардаптарға әкеліп соқтырмайды. Бұл ретте, сотқа дейінгі тергеу аясында иттің иесінің әрекеті жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға беріледі", деп хабарлайды құзырлы ведомство.
Сонымен қатар қандай да бір заң бұзушылық белгілері анықталса, ол заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылатыны да нақтыланады.
Бұған дейін Алматы маңында қабаған иттер 10 жасар баланы талап тастағаны хабарланған. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Үш иттің бірін оқиға куәгері атуға мәжбүр болған. Істің тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте 16 магнит тасын жұтып қойған үш жасар балаға шұғыл ота жасалды
-
22:49, 17 желтоқсан 2025
«Қарлы боран тұрады». 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:14, 17 желтоқсан 2025
Түркістан облысында көпір қирады
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған көпбалалы ана сотталды
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте көпбалалы ана сотталды





