Алматыда азық-түлік бағасы бір жылда едәуір өскен
© Фото: Zakon.kz
Алматыда азық-түлік бағасы бір жылда едәуір өскен. Әсіресе, күнделікті тұтынатын көкөніс екі есе қымбаттаған.
Ұлттық статистика бюросының ресми дерегіне сүйенсек, соңғы бір жылда картоп — 37, пияз — 11, жұмыртқа — 13, қызылша — 22, сүт өнімдері — 8, тұз – 32 пайызға дейін қымбаттады. Ал қызанақ — 65, қияр — 76 пайызға өсті, деп жазады qazaqstan.tv.
Тек сырттан келетін өнім емес, отандық тауарлардың да құны өскен. Экономист Ғалымжан Керімбек бағаны тұрақтандыру үшін ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартып, жаңа технологияларды енгізу қажет деп отыр.
"Күз басталса жанар-жағармай қымбаттайды, тапшылық қылып қояды. Сөйтіп қолдан жасап отырамыз. Сол кезде көп өнім жиналмай қалып қояды. Шаруа қожалықтарына қолдау жоқ. Ауыл шаруашылық өнімдерінің 70-80 пайызы шет елден келеді. Біз өзімізді азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Бұл елдің экономикасына кері әсер етеді." Ғалымжан Керімбек, экономист
Иә, экономист тұтыну қорына ең қажетті деген өнімдерді молынан сақтап отыру керек, — дейді. Ал бағаны тұрақтандыруға тиіс құзырлы мекеме тек әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрін қадағалайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:57, 4 желтоқсан 2024
Екібастұз тұрғыны есірткіні балконда сақтаған
-
12:48, 4 желтоқсан 2024
Елімізде әрбір екінші адам телефон алаяқтарының құрығына түседі
-
12:34, 4 желтоқсан 2024
Жаңа Зеландия тауларында үш альпинист із-түссіз жоғалып кетті
-
12:27, 4 желтоқсан 2024
Елден заңсыз шығарылған активтер ҚР ІІМ Интерполы арқылы қайтарылатын болады
-
12:18, 4 желтоқсан 2024
Қызылордалық мердігер Рудныйды мерекелік безендірусіз қалдыруы мүмкін