Алматыда автокөліктерді тексеру барысында жүздеген көліктің экологиялық талапты бұзғаны анықталды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында автокөліктердің экологиялық талаптарды сақтауына қатысты рейдтік іс-шаралар жалғасып келеді.
Бұл туралы қаланың Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері хабарлады.
"Eco Almaty" ЖШС мен "Ренессанс Плюс" ЖШС мамандары қалалық Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, автокөліктердің белгіленген шығарындылар нормаларына сәйкестігін тексеріп жатыр.
25 ақпанда жылжымалы экологиялық зертханалар әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысында, Райымбек даңғылы мен Жетісу көшесінде, І. Жансүгіров көшесінде және Құлжа трактісінде 42 автокөлікті тексерді. Бензин қозғалтқышы бар 12 көлікте шығарындылардың белгіленген нормадан асуы анықталды. Аталған көлік иелеріне ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 334-бабы бойынша айыппұл салынды. Дизель қозғалтқышы бар автокөліктер арасында бұзушылық тіркелген жоқ.
Бұған дейін, 12-19 ақпан аралығында стационарлық экологиялық бекеттерде пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтінділігіне 4 012 өлшеу жүргізілді. Оның ішінде 3 996 тексеріс бензин қозғалтқыштары бар көліктерге, 16 тексеріс дизельді көліктерге қатысты болды. Мониторинг қорытындысы бойынша 602 автокөлікте белгіленген нормалардың асуы анықталды, бұл тексерілген көліктердің жалпы санының 15 пайызы. 593 жағдайда артық шығарындылар көміртегі тотығы (СО) бойынша, 9 жағдайда түтін көрсеткіші бойынша тіркелді.
Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, бақылау іс-шаралары тұрақты түрде жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:49, 26 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаудан Эстониядағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді
-
17:31, 26 ақпан 2026
Алматыда онкологиялық бейін бойынша Құзырет орталығы ашылды
-
17:20, 26 ақпан 2026
София Актаева семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль алды
-
17:12, 26 ақпан 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті SMS пен WhatsApp-тағы хабарламаларға байланысты ескерту жасады
-
17:02, 26 ақпан 2026
Еркін күрес шебері Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды





