Алматы тауларында жаңа кемпинг-аймағы орнатылды

10:02, 10 қыркүйек 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Теңіз деңгейінен 3450 метр биіктікте орналасқан Альпинград алаңда кезекті кемпинг-аймағы ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Альпинград белсенді демалысқы құмар әуесқойлар арасында танымал Амангелді, Мәншүк Мәметова, Пионер, 28 панфиловшылар шыңдарымен қоршалған. Осы себептен де Альпинград алаңы демалысқа қолайлы орындардың бірі болып саналады.

Кемпинг-аймақ жайлы демалыс үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген – мұнда кең шатыр алаңдар, жабық үстелдер мен орындықтар, жайлы күрке бар.

Теңіз деңгейінен 3450 метр биіктікте орналасқан Альпинград алаңда кезекті кемпинг-аймағы ашылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 10:02

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тіпті сағаттап тауда уақыт өткізген туристерге гаджеттерін зарядтау үшін таптырмас құрылғы күн панельдерімен де жабдықталған. Сонымен қатар, күркеде келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сигналды маяк орнатылған.

Теңіз деңгейінен 3450 метр биіктікте орналасқан Альпинград алаңда кезекті кемпинг-аймағы ашылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 10:02

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін Алматыда "Терра" алаңында және Титова көлі маңында тағы екі кемпинг-аймақтың ашылуы жоспарлануда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!