Алматы тауларында тауға шығуды есепке алушы елдегі алғашқы құрылғы орнатылды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Үлкен Алматы шыңында еліміздегі алғашқы автоматты тауға шығуды есепке алушы құрылғы орнатылды.
Жоба қалалық Туризм басқармасы тарапынан туристік инфрақұрылымды дамыту және белсенді әрі экологиялық демалыс саласына цифрлық технология енгізу аясында жүзеге асырылып отыр.
Мақсат – тауға шығушылардың белсенділігін дәл есептеу. Құрылғы танымал тау бағыттарында өрлеудің санын тіркеп, келушілер статистикасын қалыптастыруға, маршруттардағы жүктемені талдауға және қауіпсіз әрі тұрақты туризм жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.
Құрылғы ауа райының кез келген жағдайында жұмыс істейді және өрлеуді адамсыз өзі-ақ автоматты түрде есептейді. Жиналған мәліметтер туристер санын талдау, навигация жүйесін жетілдіру және таудағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында пайдаланылады.
Қазан айының соңына дейін осындай құрылғылар Қаныш Сәтбаев (Советов) және Жастар шыңына орнатылады.
Мұндай жүйелер тау туризмі дамыған Швейцария, Австрия, Жаңа Зеландия мен Норвегия сынды елдерде кеңінен қолданылады. Онда есепке алушы құрылғылар маусымдық жүктемені бақылауға, туристер санын реттеуге және табиғи экожүйелерді сақтауға көмектеседі. Алматы да осы озық тәжірибені Іле Алатауының табиғи ерекшеліктеріне бейімдеп енгізіп отыр.
Туризм басқармасы саяхатшылардан орнатылған жабдыққа ұқыпты қарауды және құрылғыны қолмен баспауын сұрайды. Бұл нақты статистикалық деректерді анықтау үшін қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:22, 25 тамыз 2026
Құрылтай сайлауының өтуіне орай президент атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр
-
21:22, 25 тамыз 2026
Біріккен Араб Әмірліктерінде екі қазақстандық қыз қаза тапты
-
21:03, 25 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
-
20:43, 25 тамыз 2026
Конгрессмен Тоқаевқа Трамптың түнде қоңырау шалып, өзіне не айтқанын жеткізді
-
20:43, 25 тамыз 2026
Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады





