Алматы прокурорлары «Медеу» табиғи паркінің жерлерін қайтарды
© Сурет: Zakon.kz
Медеу ауданының прокуратурасы "Медеу" табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін анықтады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер, жеке меншiкте бола алмайды.
Алайда 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар ауданы 35 га 10 жер учаскесіне меншік құқығын тіркеген.
Бұған, Горнооктябрь ауыл әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдерiнiң бар екендігі жөнінде мұрағаттық анықтамалар негiз болды.
Мұрағаттық анықтама құқық белгілейтін құжат болып табылмайтынына қарамастан, тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген.
Алматы қаласының прокуратурасы аталған анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.
"Сот шешімімен прокурордың талап-арыздары қанағаттандырылып, "Медеу" табиғи паркіне кадастрлық құны 3 млрд. теңге сомасындағы жер қайтарылды." Алматы қаласының прокуратурасы
Сонымен қатар сотқа қатысуды қамтамасыз еткен Медеу ауданы прокуратурасының өтінішхаты бойынша меншік құқығын тіркеу кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін сот кінәлі тұлғалардың жауаптылық мәселесін қарау жөнінде жеке ұйғарымдар шығарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:44, 25 қаңтар 2025
«Тұман, боран, көктайғақ». Синоптиктер Алматы мен еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады
-
17:23, 25 қаңтар 2025
Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті
-
17:12, 25 қаңтар 2025
Жетісу облысында тауға аттанып, жоғалып кеткен үш адамды іздеу үшін тікұшақ көкке көтерілді
-
16:28, 25 қаңтар 2025
«Алматы Аренадағы» өртті сөндіру кезінде төрт бала құтқарылды
-
16:23, 25 қаңтар 2025
Белгілі журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды