Алматы полициясы терезесін қараңғылап алған көлік жүргізушілерін анықтап жатыр

12:03, 8 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Алматыда жергілікті іс-шара өткізіліп жатыр. Қалада жүргізілген рейдтің бірінші күні 50-ден астам көліктің пленкасы алынды.

Тыйым салынған затты пайдаланған жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жол қауіпсіздігіне қатысты заңнамалық талаптарды сақтамау – қайтымсыз салдары бар апаттарға әкелуі әбден мүмкін.

"Жол – қателікті кешірмейді" аксиомасы әсіресе жол қозғалысы ережесін елемейтін азаматтар үшін өзекті. Жол қозғалысына бейқам қатысушыларды анықтау мақсатында полицейлер тұрақты түрде жергілікті жерлерде рейдтер мен мақсатты іс-шаралар өткізеді.

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесуге, оның ішінде әйнектерін қараңғылаған көліктерді анықтауға ерекше назар аударылады.

"Тәртіп бұзушы құқық бұзушылықты дереу жоюға міндетті, оның үстінен хаттама толтырылады", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!