Алматы полициясы Сәуле Базарханның клиникадағы қазасына қатысты пікір білдірді

09:16, 21 мамыр 2026

© Сурет: Instagram/saule_bazarkhan

2026 жылғы 21 мамырда Алматы полициясы танымал қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның қазасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараған ақпаратқа сәйкес, 53 жастағы әйел 15 мамыр күні Алматыдағы жекеменшік клиникалардың бірінде көз жұмған.

"Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді", – делінген полиция таратқан мәліметте.

Еске салайық, 20 мамыр күні марқұмның қызы оқиғаның кейбір мән-жайын айтып, аталған клиниканың әлі де қызмет көрсетіп жатқанын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ Сәуле Базархан әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбековамен жақын араласқан. Гүлзира Айдарбекова бұл қайғылы жағдайдың өзін қатты есеңгіреткенін айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!