Алматы полициясы ірі есірткі зертханасын жойды
© Фото: Zakon.kz
Алматыда есірткі зертханасы жойылды. Ол қаланың Медеу ауданында жеке секторда орналасқан.
Арнайы іс-шара қалалық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді. Жалдамалы үйде синтетикалық есірткі өндіруді ұйымдастырған 35 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталды.
Тінту кезінде ұнтақты заттар салынған ондаған полиэтилен байламдар, белгілі бір иісі бар көлемді канистрлерге салынған шикізат, сорғышы және гофры бар 1,80*1,20 өлшемді монша, ішінде реагенттерді, шелектерді, қабаты бар пластмассаны араластыруға бейімделген 150 литрлік пластикалық бөшке, таразылар және басқа да зертханалық жабдықтар анықталды және процессуальдық түрде тәркіленді.
"Сот-химиялық сараптамасының мәліметтері бойынша, ұнтақты зат – мефедрон, салмағы 21 келі 773 грамм", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.
Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Есірткі зертханасының маманы қамауға алынды. Алматы қаласын "синтетика" өндірісі үшін шикізатпен қамтамасыз ету арнасы анықталуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:22, 24 қазан 2024
Депутат Төтенше жағдай министрлігі жұмысын минус 5 балға бағалады
-
13:57, 24 қазан 2024
Тоқаев БРИКС саммитінде: Ақорда фото және бейнематериалдар жариялады
-
13:46, 24 қазан 2024
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр энергиясын беру бойынша уақытша өтемдік тарифті бекітті
-
13:38, 24 қазан 2024
Алматыда жойқын жер сілкінісі болған жағдайда жедел мақсаттағы «Алатау» базасы құрылды
-
13:29, 24 қазан 2024
Қазақстан ТЖМ биік ғимараттардағы өрттерді сөндіру үшін екі дрон сатып алады