«Алматы-Өскемен» тас жолының шектеу енгізілген учаскесі ашылды

09:21, 1 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

2025 жылғы 1 қаңтарда таңертең, сағат 08:30-да келесі Жетісу облысында шектеу енгізілген республикалық тас жол учаскесі ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Алматы-Өскемен" тас жолының 124-287 шақырымы, яғни Алматы облысы шекарасынан Талдықорған қаласына дейінгі аралық ашылды.

Бұл жол учаскесінде 2025 жылғы 1 қаңтарда сағат 02:30-де ауа райының бұзылуына байланысты шектеу енгізілген еді.

Айта кетсек, синоптиктер 1 қаңтарда бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялаған болатын. Оған сәйкес, тұман болатыны, қар жауып, жаяу бұрқасын жүретіні болжанады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!